Президенттік тесттер

2022 жылғы 6 қазанда Қарасу ауылында «Жеңіс» стадионында «Қарасу ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК инженерлік – педагогикалық ұжымы және 1-3 курс білім алушылары Президенттік тесттерге қатысты. Салтанатты шарада Қарасу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М. К. Саутпаев құттықтау сөз сөйледі. Бұл іс-шараның мақсаты: – «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңын іске асыру. – Қазақстан Республикасының өңірлерінде Президенттік тестілеуді дамыту және танымал ету. – Дене шынықтыру мен спортты одан әрі жаппай дамыту, студенттер арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау; – студенттер мен педагогтарды дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысуға тарту; Президенттік тест жеңімпаздары құрмет грамоталарымен және медальдармен марапатталды.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.