Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған ресурстар

  • TIL QURALY– қазақ тілін оқытуға арналған веб-сервис. Сайтта қазақ тілін білмейтін ересектерге А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлерінде тіл үйренуге мүмкіндік беретін онлайн-курс бар.Тіркелгеннен кейін пайдаланушы қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін тестілеуден өтеді. Тестілеу нәтижелері бойынша жүйе оқу курсын ұсынады (5 деңгейдің бірі).Сайт сөздік қорын толықтыруға, жаңа сөздердің мағынасын түсінуге және оларды күнделікті өмірде қолдануға, еркін оқуға, өз ойын ауызша да, жазбаша да жеткізуге, сөздерді дұрыс дыбыстауға, сөйлемдерді сауатты құрастыруға мүмкіндік береді.Пайдаланушы жеке кабинетінде орындалған сабақтар бойынша статистиканы көре алады.Қызметті Android, iOS платформалары арқылы жүктеуге болады.
  • ABAI INSTITUTY – 2020 жылғы 18 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында қазақ тілін Қазақстанда және шетелде оқыту және ілгерілету бағдарламасы шеңберінде әзірленген «Аbai.institute» веб-порталы таныстырылды. Бұл-еліміздің азаматтарына, шетелдегі қазақ диаспорасына және шетел азаматтарына қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін насихаттауға мүмкіндік беретін бірегей жоба. Сондай-ақ, «Аbai.institute» Android және iOS қолдайтын мобильді қосымшада қолжетімді. Жоба Гете институты немесе Пушкин институты негізінде жасалған.Портал 6 тілде (қазақ, ағылшын, неміс, француз, орыс, түрік, парсы) ұсынылған. Бүгінгі күні порталды пайдаланушылар саны – 20 183 адам.Сондай-ақ Ресей, Түркия, Франция, Германия, Бельгия, Иран, Моңғолия елдеріндегі қазақ диаспорасы үшін қазақ тілін оқыту курстары өткізілді.2021 жылы аталған жоба аясында АҚШ, Ресей, Түркия, Франция, Германия, Бельгия, Иран, Моңғолия, Өзбекстан елдеріндегі қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру курстары өткізілді.Сонымен қатар шетелдегі қазақ диаспорасына арналған қазақ тілін үйрететін әмбебап басылым әзірленді. А1, А2 деңгейлері бойынша басылымның контенті қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде әзірленіп, «Abai.institute» онлайн платформасына орналастырылды.Жоба аясында Түркия, АҚШ, Ресей, Франция, Германия, Бельгия, Иран, Моңғолия жәнеӨзбекстанда қазақ тілі кабинеттерін ашу арқылы офлайн және онлайн оқыту жүргізілуде.Жобада «Отандастар қоры» АҚ ерекше рөл атқарады, ол шетелдегі отандастармен жұмысты ұйымдастырады және жоғарыда аталған елдердегі қазақ тілі кабинеттерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.Портал Android Және iOS қолдайтын мобильді қосымшада қол жетімді.
  • BALA TILI сайты қазақтіліноқып, дамытқысыкелетінүшжастанасқанбалаларға, соныменқатар бала тәрбиесі мен оқытудыжүзегеасырушытәрбиешілер мен мұғалімдерге, ата-аналарғаарналады. Сайт интуитивтііздеужүйесі мен ыңғайлы навигация жүйесі бар онлайн платформа негізіндежұмысістейді.Сайттабаланыңөзіндікжұмысынаарналғанжұмыспарақтары, ұcтаздар мен тәрбиешілерге, ата-аналарғаәдістемепарақтарыұсынылған.Грамматика мен орфографияныүйренугеарналғанматериалдар, соныңішіндеинтерактивтіәліпби мен ойындар, жасерекшеліктерінесәйкесаудиодиктанттар, каллиграфиялықдағдылардыдамытуғаарналғантапсырмалар, қосымшаларқарастырылған.Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқуға арналған көркем мәтіндер, соның ішінде қызықты әңгімелер, тақырыптық өлеңдер, интерактивке негізделіп жасалған жаңылтпаштар, жұмбақтар мен мақал-мәтелдер топтастырылған.Мамандардың лингвистикалық мәселелерге қатысты мақалалары, ғылыми еңбектері, сондай-ақ балабақшалар мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған оқу құралдары мен сабақ жоспарлары жарияланады.
  • ТІЛ ӘЛЕМІ – тіл саясатын жүзеге асыру саласындағы жаңалықтар, лингвист ғалымдардың мақалалары, республикалық конкурстардың, іс-шаралардың ережелері және т.б. орналастырылған портал. Сонымен қатар порталда кітаптар, мультимедиялық бағдарламалар, сөздіктер мен журналдар орналастырылған.
  • TILMEDIA – 2017 жылықұрылғанүштілді «Tilmedia.kz» сайты қызықтыжәнетиімдітәсілдерарқылықазақтілінүйренугеболады.Сайт жұмысымемлекеттік, орысжәнеағылшынтілдеріннасихаттауға, олардыңқолданылуаясы мен әдістемесінкеңейтугебағытталған. Тілдердіоқытуәдістемесі аудио жәнебейнемазмұнғанегізделген.Сайтталатынжәне араб графикасықарастырылған.Сайт «ақпарат», «қара», «тыңда», «оқы», «сұрақ-жауап» атты 5 блогтан тұрады және онда тіл саясаты саласындағы өзекті мәселелер туралы жаңалықтар, сабақтар, сабақтар, танымдық аудиожазбалар, балалар мен ересектерге арналған бейнероликтер, аудиокітаптар, әдістемелікқұралдар, көркемжәнебалаларәдебиеті және т.б. орналастырылған.
  • EMLE  сайты қазақша дұрыс жазу, жұртшылықтың тіл мәдениетін көтеру мақсатында құрылды. Деректер базасында қазақ тілінің өзекті орфографиялық сөздігі, орфография ережелері, осы салаға қатысты ғылыми әдебиеттер бар. Сайттың «Әдеби тіл нормалары» блогында сөз сазы, оның көркем әдебиет пен өмірдегі маңызы, ережелері мен қағидалары берілсе, «Орфография» блогында сөздердің дұрыс жазылу ережелері беріледі. Сондай-ақ кірме сөздер мен терминдік мәнге ие сөздердің бұрынғы және қазіргі жазылу барысындағы айырмашылықтары салыстырмалы түрде көрсетіледі. «Пунктуация» блогында тыныс белгілердің қойылу ретіне байланысты ережелер енгізілсе, «Аббревиатура» блогында қысқарған сөздер, олардың толық атаулары, қысқарылу реті, атаулар мен сөздерді қысқарту барысында басшылыққа алынатын қағидалар мен сүйенетін заңдылықтар келтіріледі. «Мақалалар» блогында осы саладағы ғалымдардың ғылыми мақалалары келтірілген. Оқырман автормен байланысып, мақаланың астына пікір қалдырып, сұрағына жауап ала алады.
  • SOZDIKQOR – әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздермен және тұрақты сөз тіркестерімен, ескірген қазақ сөздерімен, кірме сөздермен, ақпараттық технологиялардың даму кезеңіндегі жаңа технологиялық сөздердің мағынасымен танысуға мүмкіндік беретін алғашқы әмбебап платформа.Базаға 400 000 сөз, 1 243 850 тілдік бірлік жүктелген.Порталға 60-қа жуық түрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялар енгізілген. Атап айтқанда, 15 томдық Қазақ әдеби тілінің сөздігі, Абай сөздігі, Ахмет Байтұрсынов энциклопедиясы, қазақ тілінің синонимдер сөздігі, қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі және т.б.Порталдың іздеу жүйесі арқылы сөздердің анықтамасын, синонимдерін, антонимдерін, омонимдерін, сөздердің фразеологиялық тіркестерде кездесу жиілігін білуге болады.2021 жылы «синонимайзер» функциясы қосылды, тестілеу кезеңі өткізілуде. Кілт сөздерді дыбыстандыру функциясы бар.Порталдың мобильді қосымшасын Goolge Play және App Store-дан жүктеуге болады. @Sozdikqor.kz тelegram-бот жұмыс істейді.
  • ҚҰЖАТ – құжаттарды қазақ және орыс тілдерінде сауатты әзірлеу бойынша үлгілер мен нұсқаулықтар берілген электрондық база.Сайтта іс қағаздарын жүргізу 2-ге бөлінген: «кеңсе» және «кадр» құжаттары, онда құжаттардың жеке үлгілері ұсынылған.Құжаттарды іздеудің 3 түрі қолданылады: түрі және атауы бойынша және әріп бойынша жүйелі іздеу.Құжаттардың екі жүзден астам үлгісі (қазақ және орыс тілдерінде) PDF және DOC нұсқаларында қолжетімді.Құжаттардың үлгілеріне онлайн өзгерістер енгізуге арналған сервис жұмыс істейді.Сайтта «Құқықтық негіз», «Мақалалар», «Кітапхана», «Терминдер», «Сұрақ-жауап» бөлімдері орналасқан.
  • ATAU– ономастика саласындағы сайт.Сайтқа Қазақстан бойынша көшелердің, мәдениет, білім беру мекемелерінің, түрлі объектілердің атаулары жинақталған.Сондай-ақ базада Қазақстан Республикасындағы жерлер мен су айдындары атауларының толық тізбесі бар.Пайдаланушыларобъектілергеатау беру ережелерімен, ономастика жөніндегінормативтік-құқықтық құжаттармен, ұлттық және өңірлік ономастика комиссиялары туралы ақпаратпен, ономастика жөніндегі әдебиеттер тізімі мен және зерттеу жұмыстарымен таныса алады